АймақЖаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМ ӨКІЛДЕРІ БАС ҚОСЫП ЖОЛДАУДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАРҒА НАЗАР АУДАРЫЛДЫ

2022 жылы 7 қыркүйек күні Түркістан қаласында ҚР Президентінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру бойынша “дөңгелек үстел” отырысы өтті.
Жиынға Түркістан облыстық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, Түркістан облысы ҚХА жанындағы құрылымдардың жетекшілері мен мүшелері «Ассамблея жастары» РҚБ облыстық өкілдігінің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Отырысты Түркістан облысы ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ жетекшісі Бегалиев Бақдаулет Байсеитұлы жүргізді.
Жиында сөз алған Бақдаулет Байсеитұлы Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Бір тұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауында экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына қатысты тапсырмаларына тоқталып бұдан өзге бірқатар мәселе көтеріліп, үкіметке түрлі тапсырма бергендігін атап өтті.
Шара барысында Түркістан облысы Ардагерлер ұйымының төраға орынбасары, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Нұржанов Есалы Мәмбетәліұлы, Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Джалилов Дадахан, Түркістан облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Тоққұлова Гүлсара Төлебекқызы, Түркістан облысы Қоғамдық келісім кеңесінің төраға орынбасары Әшірбаев Бақытжан Шәкірұлы сөз алып жолдауға байланысты тұшымды өз ой-пікірлерін ортаға салып жолдаудың маңызды тұстарына тоқталды.
Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар жолдаудағы түрлі бағыттардағы айтылған тапсырмалар бойынша қолдау білдіріп бірлесіп жұмыстар атқаруға белсенділік танытатындығын жеткізді.

ТҮРКІСТАН: ТҮРКІСТАННАН ҚОСТАНАЙҒА 100 ТОННАДАН АСА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ

Алдыңғы

ТАРИХ БІЗДІ БІРІКТІРЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *