Бүгін Ұлы дала елі орталығында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен 1 қазан – Қарттар күніне орай «Аға буын — асылдарым» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Іс-шараның мақсаты — қарттарды құрметтеу, олардың мемлекеттің дамуы жолында қосқан үлесін жас ұрпаққа үлгі ретінде насихаттау.
Жиынды Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-сі басшының орынбасары Е.Баетов сөз сөйлеп ашып беріп, «Қарттарым – қазынам» деп қарайтын біздің қоғамда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді. Оларды құрметтеу ардагерлер мен қарттар алдындағы біздің парызымыз, — деп өзінің ыстық ықыласын білдірді.
Дөңгелек үстел барысында Түркістан облысы ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Е.М.Нұржанов сөз алып, Жастық шағын еліміздің гүлденуі мен өркендеп дамуына арнап, маңдай терін төккен аталар мен әжелерге құрмет көрсету мемлекет тарапынан ғана емес – қоғамның барлық өкілдерінің, әсіресе жас буынның басты парызы екенін де ұмытпаған жөн. Осы қоғамның іргетасын нығайту үшін еңбек еткен қарияларды дәріптеуіміз қажет, — деп өзінің пікірін білдірді.
Сонымен қатар Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі және»Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері сөз алып, өздерінің қарттарға деген жүрекжарды ыстық ықыластарын білдірді.
Шара соңы қарияларға арнап ән шашу айтылып, олардың ақ батасын алып, суретке түсуге ұласты.
Comments