АймақЖаңалықтар

АМАН БОЛ, АСЫЛ ҚАЗЫНАМ!

Бүгін дәл осы ұранмен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен 1 қазан – Қарттар күніне орай «Қоғамдық келісім» КММ-сі нің қызметкерлері мен «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері және Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Тоққұлова Гүлсара Төлебекқызы мен Сауран аудандық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Жұманова Нышанкүлдің қатысуымен қаламыздағы қарттар Ерденова Бибісара Төребекқызы мен Қуанышбай Өтепберген Жаңабайұлының шаңырағына барып, олармен сұқбат жүргізіп, сый – сыяпат жасалды. Іс-шараның мақсаты — үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу оларға қамқорлық көрсету.
Шара барысында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-сі басшының орынбасары Е.Баетов « Біз аузы дуалы, аталы сөз айтатын баталы қарияларды, өз қадірін білетін, көреген, адал, ақ жаулықты әжені ерекше қадір тұтқан елміз. Қарттықты қадірлеу, үлкенді сыйлау – қазақ халқының ежелгі дәуірлерден қалыптасқан қазыналы дәстүрлерінің бірі ғана емес, сол игі дәстүрлердің ең озығы, — дей келе жас ұрпаққа қарттарды қадірлеп, оларға қамқорлық танытуға шақырды.
Сонымен қатар өзі де осы ақ жаулықты аналардың ізін басып келе жатқан Гүлсара Төлебекқызы «Бүгінгі күннің ерекшелігін және оны жастарға насихаттауда талмай еңбек ететіндігін жеткізіп», өздерінің қарттарға арнайы алып келген сый — сыяпаттарын ұсынды.
Қарттардың айтқан естеліктері мен қанатты сөздері жүректі тебірентіп, жастардың көзіне жас үйірді. Осындай әсем көңілмен жастар әннен шашу шашып, олардың ақ батасын алып, естелік суретке түсті. Дәл осындай қамқорлық жасау шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ФОРУМЫ ӨТТІ

Алдыңғы

1 қазан – Қарттар күніне орай «Аға буын — асылдарым» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *