Республика күні қарсаңында елімізде қайырымдылық пен меценаттық істерді дамытуға қосқан үлесі үшін Кентау қаласы, Қарнақ ауылдық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Хабибов Бегзат Давранович Қазақстан Республикасының Президенті- Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қасым — Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешімімен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен марапатталды.
Б.Хабибовқа марапатты Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы Әзілханов тапсырды.
Comments