Бүгін Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы алаңында бизнес қауымдастығының түйткілді мәселелері бойынша Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесі өтті.
Жиынға Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті өкілі, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті, Сарыағаш ауданының әкімдігі (аудандық жер қатынастары бөлімі), т.б. сондай-ақ кәсіпкерлер қатысты.
Жиын барысында ЖШС «Сарыағаш-құс» құс фабрикасына жергілікті атқарушы органның әкімшілік кедергі келтіруі мәселесі қаралды. Атап айтқанда, Серіктестік Дарбаза ауылы тұрғындарының санының өсуіне байланысты Сарыағаш ауданы әкімдігі мен Дарбаза ауылының әкіміне құс фабрикасының айналасына санитариялық-қорғаныш аймағын бекітіп беруді сұранған. Серіктестіктің арызынан, жергілікті атқарушы органның өкілдері тарапынан жерге орналастыру жобасына сай 134,46 га жер учаскесі үшін Серіктестіктен 7 800 000 теңге көлемінде ауылшаруашылығы жерлеріне өтемақы төлеуді мәжбүрлеп отырғанын көрсеткен. Өңірлік Палата аталған мәселені оңтайлы шешу мақсатында Сарыағаш ауданының әкіміне Серіктікстік үшін санитариялық-қорғаныш аймағын бекітіп беру жөнінде ұсыныс келтірген. Бүгінгі күнге дейін, Серіктестік жоғарыда аталған мәселемен әкімдікке 2022 жылғы қантар айында жүгінген уақыттан бері 6 (алты) ай мерзімнен асып кетсе де жерігілікті атқарушы орган өзінің әрекетсіздігімен, сондай-ақ созбалаңдыққа салуымен мәселені шешу жөнінде түпкілікті шешім шығармай отыр. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган халық санының өсуіне байланысты құс фабрикасының маңындағы жер телімдерін тұрғын-үй және басқа да объектілер салуға беріп, Жер кодексінің санитариялық-қорғаныш аймағын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын өрескел бұзып отыр.
Бұл құқыққа сыйымсыз әрекеттер, алдағы уақытта жеке азаматтардың Серіктестіктің адал кәсіпкерлік қызметіне түрлі шағым келтіруіне, сондай-ақ құстан (тауықтан) таралатын түрлі аурулардың таралуына алып келуі, ауру ошағының қалыптасуына алып келуі мүмкін. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органның Серіктестіктен санитариялық-қорғаныш аймағын бекіткені үшін ауылшаруашылығы жерлеріне өтемақы төлеуді талап етуі Серіктестікке қатысты заңмен (Кодекспен) белгіленбеген талаптары деп саналады.
Өңірлік палата аталған мәселенің құс фабрикасының дамуы мен халықтың санитариялық-эпдемиологиялық саламаттығын қамтамасыз ету мәселелерінде өте күрделі мәселе деп есептейді және ол Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің қарауына ұсынып, заң қадағалау және уәкілетті органдарға тиісті хаттамалық ұсыныс енгізілуге жатады деп санайды.
Айта кетейік, 2010 жылы құрылыған «Сарыағаш-құс» ЖШС-гі бүгінгі таңда күндігіне 30 мың жұмыртқа шығаратын Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылында орналасқан ірі кәсіпорын.
Осы мәселе бойынша прокуратура және мемлекеттік органдар тарапынан тиісті шаралар қабылдау жөнінде түсіндірмелер мен тапсырмалар берілді.
Comments