Абай ауданы Ақжар шағын ауданындағы 1,8 шақырымды құрайтын Мұратбаев көшесіне және Мұратбаев көшесінің тұйығы № 1,2,3 көшелеріне асфальтбетон қабатының екінші қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Аталмыш жұмыстарды тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланған, төселген асфальттың қалыңдығы 10 см құрады. Сонымен қатар, көшеге бір жақтама аяқ жол салынады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments