Халықаралық жастар күніне орай Жастар ресурстық орталығы «Жастар — ел болашағы» атты жастар кешін өткізді. Іс-шараның мақсаты — қала жастарын мерекемен құттықтап, кешкі уақытын қызықты әрі тиімді өткізу.
Мерекелік кеште Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов қала жастарын айтулы мерекемен құттықтады.
— Тәуелсіз еліміздің гүлденіп, қарыштап дамуы үшін жастардың тың идеялары, алғыр шешімдері, оң бастамалары қажет. Жастар — қоғамның қозғаушы күші. Біз жастардың өмірден өз орнын табуына, түрлі дағдыларды игеруіне қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз, — деді басқарма басшысы
Іс-шарада қала тұрғындары мен жастары үстел теннисінен сайысқа түсіп, белсене қатысқан азаматтар сыйлықтарға ие болды. Жас бүлдіршіндерден бастап үлкен кісілерге дейін караокеде ән шырқап, мерекелік кешті қызықты өткізді.
Comments