ЖаңалықтарЖастар саясаты

ВОЛОНТЕРЛАР БІР-БІРІМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Халықаралық жастар күніне орай Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен волонтерларды оқытуға арналған семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренинг волонтерлар, жастардың бойында көшбасшылық, жауапкершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету, волонтерлік қызметке қатысуға ынталандыруды мақсат еткен.

Шымкент қаласының ASSA жастар жастар қоғамдық бірлестігі, «Ізгілікте жарысайық», «Харекет» қайырымдылық қоры, Меyirim.kz қайырымдылық электронды порталы, «Жігер» салауатты өмір салтын қолдау қоғамдық қоры, «Жасыл ел» еңбек жасақтары волонтерлік ұйымдары қатысып, тәжірибе алмасты.

Іс-шара барысында ұйым жетекшілері семинар тақырыбына сай дәріс оқып, жастардың бойында көшбасшылық қасиеттерді дамыту бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, әр үйым өздерінің жұмыс барысымен таныстырып өтті.

Семинар-тренинг қатысушыларына ұйымдастырушылардың атынан арнайы сертификаттар табыс етілді.

«Шымкент келбеті»

Фото: Серік ҚОСАЕВ.

МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Алдыңғы

ЖАСТАР — ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *