Әуе тасымалы іске қосылғалы айшылық алыс жерге қатынау жеңілдегені белгілі. Әсіресе, біздің ел секілді жер көлемі үлкен, Атыраудан Алтайға дейінгі ұлан – ғайыр байтақ жерде орналасқан ел үшін мұндай тасымал жолы халықтың өзара байланысын одан әрі бек нығайта түсетіні анық. Алайда, қарапайым халықтың көңілі бір нәрсеге толмай жүр. Соңғы кездері ел ішінде «Әуе кемелеріне қол жетімді билет таппадық және билеттің бағасы удай қымбат» деген ақпар ел арасында жиілегенін таныстардан не болмаса әлеуметтік желілерден күнделікті көріп оқыпта жүрміз. Бала кезімізде көкте самғаған ұшақ көрсек «самолет, самолет, мені өзіңмен ала кет» деп жүгіруші едік, бүгінгі күні өкінішке орай, көп адамның бір кездегі көк аспанды көрсем, ұшсам деген балалық шақтағы тәтті армандары орындалмай қалатын сыңайлы көрінеді. Өйткені билет құны….аспандап тұр. Тіпті баға жайлы айтуға келгенде қипықтап сөз таппай қалады екенсің… Сөзді көп созбай, дерекі келтірсем ойымды жазып жатқан алдында «KASPI»банктің қосымшасына кіріп Алматы – Нұрсұлтан бағытындағы билет құнын қарасам ең арзан әуе билетінің құны 42 025 теңге көлемінде болса, ал қымбат билет жайлы айтпасамда болады екен… Оған біздің теңгеміз жетпейтін секілді.. Ертерек қамданғандар ұшақтың билетін арзанға сатып алуға мүмкіндіктері бар… Ол үшін кемінде 1 — 2 ай бұрын билетіңді сатып алу керек дегенді білдіреді, кенеттен шұғыл сапар шегуге тура келсе барып қайту үшін несие алмасаң қалта көтермесі анық… Пойызбен не автокөлікпен ұлан ғайыр кең байтақ Қазақ жерінің бір жағынан екінші шетіне жету үшін бірнеше күн кететіні анық. Осындайда бала кезімізде ата – апаларымыздың аузынан естіп таң қалған баяғы 6 айлық алыс жерге жедел жеткізетін Қобландының тұлпары Тайбуырыл секілді біздің ұшақтарымыздың билеті ел үшін қол жетімді болса қандай құба – құп болар еді.
Сөз соңында айтпағым 3 – 4 жыл бұрын ел халқына өз қызметін ұсына бастаған билет құны арзан «FlyArystan» лоукостері келгенде қатты қуанып едік, енді қарап отырсақ солардың билетің өзі жоғарыда біз келтірген ең төменгі баға болып тұр. Құны әрдайым құбылып тұратын әуе билетін үнемі бағасын мұқият қадағалап отыру қажет деп санаймын…
Қобланды ӘБЕНОВ.
Comments