Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен салалардағы индикаторлардың орындалуы мен өзекті мәселелер бойынша жиын өтті. Жиналыста 6 айда атқарылған жұмыстар мен кемшіліктер сараланды.
Кемшіліктерге талдау жасалып, тиісті салаларға ескертулер жасалды.
Бекітілген жұмыс жоспарын сапалы жүзеге асыру мақсатында қала әкімі нақты тапсырмалар берді:
🔸️ апта сайын азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жасап, баяндау;
🔸️бала мен ана өліміне жол бермеу мақсатында кешенді жұмыс жоспарын бекіту;
🔸️ электр қуатын үнемдеу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу;
🔸️егілетін ағаш орындары мен суағар мәселесін тыянақты дайындау;
🔸️ білім сапасын көтеру бағытында мектептерді жіті бақылауға алу;
🔸️ мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асатын жобаларды қатаң бақылау.
Жұмыстардың орындалу барысы хаттамамен бекітіліп, нәтижесі әр апта баяндалуы тапсырылды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments