АймақӘлеуметҚоғамМәдениетРуханият

САУРАНДА «КӨРЕГЕНДІ ЕНЕ МЕН ИБАЛЫ КЕЛІН» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Кеше Ескі Иқан ауылдық округінің Мәдениет үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Сауран аудандық аналар кеңесі, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Сауран аудандық филиалы және аудандық ішкі саясат бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен «Көрегенді ене мен ибалы келін» — сайысы болып өтті. Сайысқа ауылдық округтерден келген енелер бастаған үміткерлер қатысты.

Сайыстың мақсаты: Шаңырақтың шайқалмауын насихаттап, ене мен келін арасындағы ауыз біршілікті сақтауға үлес қосу. Жарасымды жанұяларды анықтап өнегелі отбасыларды көпке үлгі ету. Отбасының беріктігін сақтауда, ұрпақ тәрбиесінде, ененің алатын орнын дәріптеу болатын.

Тәрбиелік мәні зор шара төмендегі кезеңдерден тұрды.

  1. «Сәлем — сөздің анасы» (Ене мен келіннің бір-бірін таныстыруы),
  2. «Қиын-түйін» (отбасылық кикілжіңдердің алдын алу) сахналық көрініс.
  3. «Әжем айтқан ертегі» (енеле арасында).
  4. «Жолдасыңның сүйікті асы» — үйден дайындалып әкелген әр ұлттың тағамдарының жасалу жолдарымен таныстыру.

5-кезең: «Кім неге бейім» — өз өнерін көрсету.Ән,би т.б

Жүлделі орындарды анықтау барысында қазылық еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Түркістан облыстық аналар кеңесі төрайымының орынбасары Гулсара Тоқкулова,Түркістан қаласы әйелдер алқасының төрайымы Мұстафаева Ұлжан Әбенқызы,Түркістан қаласы мәдениет бөлімінен Нальтаева Пернекул, Қазақ түрік университетінің профессоры Халил Четин үміткерлердің орындаушылық шеберлігіне, сахна мәдениеті мен киім үлгісіне, ененің мен келін орнының ерекше отбасы ұйытқысы екендіктеріне баса көңіл бөлді. Ескі Иқан ауылдық округінен бала бақшада музыка пәні мұғалімі Мұсаева Наргул енесі Мұсаева Алтынай, Шорнақ ауылдық округінен «Ғажайып» балабақшасынан Өмірхан Асылзат енесі Жаппарова Өміркүл, Оранғай ауылдық округінен ауылдық амбулатория мейірбикесі Балтабаева Сымбат енесі Медетбекова Жұмақыз, Бабайқорған ауылдық округінен клуб қызметкері Қуанышева Сара енесі Жартыбаева Райхан бақ сынасты.

Әрбір кезеңдерде ене мен келіннің арасындағы ең әлсіз әрі нәзік тұс – ене мен келін қарым-қатынасы. Екеуі де маңызды әрі қымбат тұлға: ене – отағасын дүниеге әкеліп, жеткізген жан, келін – еркектің аманаты, балалардың анасы. Екеуінің арасындағы түсініспеушіліктерді сайыс барысында сахналық көріністерде әрбір үміткер шебер көрсетіп, келіндер енелерінің ақылын, қамқорлығын түсініп, жанұядағы отбасы құндылығы шынайы жеткізілді.

Сайыстың барысында келіндердің енесіне жасаған әр әрекеті – өзінің енелік өмірінің кірпіші. Көркем келінге қол жеткізгісі келген әйел өз енесіне қолынан келген құрметті аямау керектігін түсіне алды деген сенімдеміз.

ОРТАЛЫҚ СТАДИОНДЫ РЕТКЕ КЕЛТІРУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Алдыңғы

АСАНӘЛІ ӘШІМОВ: «ОЛ РУХЫ МЫҚТЫ АЗАМАТ»

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *