Бүгін Сарыағаш аудандық ұйғыр этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне орай спорттың кіші футбол түрінен жастар арасында мини турнир өтті.
Турнирді аудандық ұйғыр этномәдени бірлестік төрағасы Кенжуйев Дильшат Оразахунұлы «Қазақ елінің, Қазақстанымның мәртебесі биік, өмірі ұзақ болып, Мемлекеттік рәміздерімізге деген құрмет арта берсін» деген тілегін білдіріп, барша қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап бастады.
Comments