2022 жылғы 10 маусым күні Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Кентау қалалық филиалының жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топтың бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, №1 Ы.Алтынсарин атындағы қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы мектеп-гимназиясының қызметкерлері және оқушылары мен еркін форматта кездесу болып өтті.
Кездесу барысында Кентау қалалық ҚХА жанынан құралған қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері Т.Омаров, Ғ.Тажибаев қоғамдық келісім мен этносаралық татулық пен тұрақтылықты нығайту бағытындағы ақпараттар жайында сөз қозғап, (әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, рулық араздықты) қоздыруға бой алдырып оны БАҚ-та пайдаланған азаматтар ҚР Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша жазаланатындығын тыңдаушылар назарына жеткізіп кеңінен талқылау жұмыстарын жүргізді. Соңында сұрақ-жауаптарға кезектер беріліп тиісті деңгейде пікір алмасты.
Comments