АймақӘлеуметҚоғамРуханият

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Мамыр айының мамыражай күнінде тағы бір оқу жылы өз мәресіне жетіп, соңғы қоңырау соғылды. Жарасымды әнімен, салтанатты сәнімен соғылған соңғы қоңырау №28 Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектебінде өтті.

Кездесуге Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының басшысы Д.Мырзамуратов, Жетісай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы А.Махамбет, Түркістан облыстық «Парвиз» тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Ю.Султанов, мектеп мұғалімдері мектеп оқушылары және ата-аналар қатысты.

Салтанатты жиында сөз алған Жетісай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Махамбет Айтбай Қабылұлы оқушыларды мерекелерімен құттықтап, түлектердің алда күтіп тұрған үлкен қадамдарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ мектеп директоры Баянова Жанат Айтуғановна оқу жылының табысты аяқталғанын айта келіп, мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тіледі.

Шара барысында мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары мектеп басшылығы мен ұстаздарға ризашылығын білдіріп, түлектерге ақжарма тілегін жеткізді.

Мұнан соң, қалыптасқан дәстүр бойынша түлектер ұстаз, мектеп жайлы әндерді шырқап, жүрек жарды ыстық ықыластарын білдірді. Шара соңында түлектер вальс ырғағында ілесіп, соңғы мектеп биін биледі. Түлектер ұшырған ақ көгершіндер мен шарлар ерекше көңіл-күй сыйлады.

САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ!

Алдыңғы

ХАЛЫҚ АРАСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *