АймақӘлеуметҚоғамРуханият

Дін саласындағы әлеуметтанулық зерттеулерді жүргізу бойынша семинар-тренинг

Ағымдағы жылдың 15-17 күндері «Конфессияаралық және өркениетаралық келісімді нығайту бойынша Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ ұйымдастыруымен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Түркістан қаласында жергілікті атқарушы органдардың мамандарына арналған дін саласындағы әлеуметтанулық зерттеулерді жүргізу бойынша семинар-тренинг өткізілуде.
Семинардың басты мақсаты – өңірлерді дін саласындағы әлеуметтанулық зерттеулерді ұйымдастырумен жүргізудің деңгейімен сапасын арттыру.
Семинарға Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан, атап айтқанда, Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарынан Дін істері басқармаларының және оларға қарасты Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының мамандары қатысуда.
Семинар жұмысына Нұр-Сүлтан қаласынан әлеуметтану саласының білікті эксперттары тартылған. Олар «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры, әлеуметтану магистрі Ашкенова Гүлден, сол институттың әлеуметанну магистрі Мажитова Айнұр және «Маркет ПРО Консалт» ЖШС директоры, «PaperLab» ҚҚ зерттеушісі Оразбекова Салтанат.
Жалпы осындай форматтағы семинарлар болашақта дін саласында жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттыруға, әлеуметтанулық тәжірибе дағдыларын меңгеруге, құзыреттілік деңгейін арттыруға орасан зор үлес қосатыны күмәнсіз.

МАҢҒЫСТАУДАН КЕЛГЕН ДЕЛЕГАЦИЯ ОТЫРАРДА БОЛДЫ

Алдыңғы

КИНОИНДУСТРИЯ САЛАСЫНЫҢ ЖАС ТАЛАНТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *