Бүгін Арыс қаласы әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаевтың жетекшілігімен Түркістан облысы аумағындағы этностар тығыз шоғырланған елді мекендерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысты жиын өтті.
Басқосуда референдумға белсенді қатысу жайы да назардан тыс қалмады. Ал негізгі әңгіме төрт тақырып бойынша өрбіді.
«Ақпараттық сауаттылық – өзіңді алдауға жол берме!», «Шиеленістердің қоғамға кері әсері», «Жазаның бұлтартпастығы» және «Ұлттық жобалар – барлығына арналған нақты мүмкіндіктер» тақырыбында сериялы кездесулер ұйымдастырылды.
Қала әкімдігінің үлкен залында өткен кезекті шараға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Хамит Исахов қатысып, этносаралық татулық пен ынтымақ, бірлік жайы кеңінен қозғалды.
Сонымен қатар, 5 маусымда өтетін республикалық референдумның ұйымдастырылуы мен оған белсенді қатысу және Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде пікір алмасып, түрлі сұраққа жауаптар берілді.
Comments