Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесіне орай бірқатар журналистерді марапаттады.
Мерекелік іс-шара алдымен телевизия ардагері, Қазақстанның Құрметті журналисі Байдулла Қонысбекті 1минут үнсіздікпен еске алумен басталды.
Қала әкімі ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастырушы ғана емес, қоғамдық сананы қалыптастырушы сала екенін айтты.
— Ақпарат құралдары – бұл үлкен күш. Қаламның ұшын, сөздің күшін дұрыс пайдаланса, ұлтты ұйыстырып, жасампаздыққа жол бастай алады, ал бұрыс пайдаланса, қоғамды дүрліктіріп, қоғамдық-саяси ахуалды қиындатып жібере алады. Шымкентте жұмыс істейтін 170-тен аса ақпарат құралы билік пен қоғамның арасында ортасына алтын көпір бола бермек деген сенімдемін. Қала игілігі үшін бірлесе жасайтын жұмыстар жалғаса береді. Қаланың жетістігі – әрбіріміздің жетістігіміз, — деді М.Әйтенов.
БАҚ үздіктері 13 номинация бойынша марапатталды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар
Comments