ЖаңалықтарҚоғам

ҚАЗАҚСТАНДА ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

26 маусым — Халықаралық есірткіге қарсы күрес күні ретінде белгіленген. Осыған орай ұйымдастырылған айлықтың ашылу рәсімі өтті. Оған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысып, сөз сөйледі.

—Есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі бүгінде өте өзекті. Өкінішке қарай, жаңа синтетикалық есірткінің негізгі тұтынушылары жастар болып отыр. Тек өткен жылдың өзінде елімізде 8,5 пайыз өсіммен 5 мың есірткі қылмысы анықталды. Бізге осы құбылыспен күресу үшін жүйелі шаралар қажет, — деп атап өтті Е.Тоғжанов.

Айта кетейік, жиынға тиісті министрліктер мен орталық мемлекеттік органдардың және республикалық маңызға ие қалалардың әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Шымкент қаласынан қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев пен полиция департаментінің жауапты мамандары қатысып, есірткіге қарсы күрес мәселелерін талқылады.

«Шымкент келбеті» — Айдар ҚҰЛЖАНОВ.

ШЫМКЕНТТЕ ПРОКУРАТУРА 4 МЫҢНАН АСТАМ КӘСІПКЕРДІҢ ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАҒАН

Алдыңғы

Сенаторы посетили Южно-Казахстанский государственный педагогический университет  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *