ҚР Парламент Сенатының депутаттары Ә.Бектаев пен Ә.Құртаев академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы Университетінің ұжымымен және студент жастармен кездесті. Іс-шара Конституциялық реформалар бойынша республикалық референдумның маңыздылығын түсіндіруді мақсат еткен.
Жиында сенаторлар Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызына тоқталып, оқытушылар, жастардың сауалдарына жауап берді.
– Тәуелсіздіктің 30 жылдығында толайым табыстарға жеттік. Алдағы бүкілхалықтық референдумның мақсаты – жаңа қоғам, Жаңа Қазақстан құру. Конституцияға өзгеріс енгізу халықтың тұрмыс-тіршілігіне, халықтың әл-ауқатының артуына тікелей қатысты. Бұл орайда ел азаматтарының санасы жаңғыруы қажет. Жастар білімді, елжанды азамат болуы тиіс, – деді Ә.Бектаев.
Сондай-ақ, Ә.Құртаев әрбір азаматқа еліміздің болашағын айқындайтын тарихи оқиғаның мәні зор екенін, қоғамдық-саяси іс-шарада белсенділік танытуға шақырды. Жиын соңында жастар көкейдегі толғандырған сауалдарын қойды. Сенат депутаттары оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, студенттердің көрмесін аралады.
«Шымкент келбеті» — Тағабай Қасымов
Comments