Референдумның нәтижесінде Конституция жаңа әділетті Қазақстанның жаңаша сипатты негізгі Заңы ретінде танылады.
Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада өткен кездесуде референдумды қолдау жөніндегі Республикалық штабтың төрағасы Төлеубек Мұқашев осылай деді.
—Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айындағы Жолдауында еліміздің саяси жүйесін жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Сол саяси реформаны жүзеге асыру Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындап отыр. Жалпы, 5 маусымда өтетін референдумның нәтижесінде Конституция жаңа, әділетті Қазақстанның жаңа сипатты негізгі Заңы ретінде танылады. Сондықтан барша азаматтарды аталған референдумға белсенді түрде қатысып, өз азаматтық позициясын білдіруге шақырамыз, — деді Т.Мұқашев.
Айта кетейік, кездесуді Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов ашып, жүргізіп отырды. Бұл басқосуға республикалық ардагерлер ұйымының төрағасы Б.Ізмұхамбетов те қатысып, референдумның мәні мен маңызына байланысты көзқарасын жеткізді. Кездесуге мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері және еңбек ардагерлері қатысып, Ата Заңға енгізілетін өзгерістер туралы ойларын ортаға салды.
«Шымкент келбеті» — Айдар ҚҰЛЖАНОВ, Фото: Серік ҚОСАЕВ.
Comments