Байқауға 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, фотосуреттер, радио-бейне сюжеттер қабылданады. Жіберілетін материалдардың саны — 5 аспауы қажет. Байқауға материалдарды қабылдау 10 маусымда аяқталады.
Қазақстанда 2022 жыл балалар жылы деп жарияланды. Олардың әл – ауқаты-мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі. Осыған байланысты, бұл тақырыпқа басымдық беріледі. Сондай — ақ, басқа да тақырыптарды таңдауға мүмкіндік берілген.
Материалдар мен сіздің жеке мәліметтеріңізді тек электрондық пошта арқылы жарияланған материалдарға сілтеме жасай отырып жіберу керек: union-press@kazmedia.kz.
Сауалнамада сіз жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, үй мекенжайыңызды, телефоныңызды және материалдарыңыз қандай басылымдарда жарияланғанын көрсетуіңіз керек.
Байқау қорытындысы 20 маусымда жарияланып, марапаттау рәсімі 2022 жылдың 28 маусымында Алматыда өтеді.
Comments