Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Жеңіс мерекесі қарсаңында екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Эрмохан Ишхоновтың шаңырағында болып, мерекемен құттықтады. Құрмет көрсетті.
Ұлы Отан соғыс ардагері Эрмохан Ишхонов 1923 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. 1942 жылы 5 мамырда әскер қатарына шақырылып, соғысқа аттанған. 1948 жылы әскери қызметті тоқтатқан. I дәрежелі «Отан соғысы», «КСРО Гвардиясы», ордендерімен, «Мінсіз қызмет атқарғаны үшін», «Украинаның 50 жылдығы», «Ерлігі үшін» және т.б медальдармен марапатталған. Денсаулығы жақсы, 33 немере, 49 шөбере, 6 шөпшек сүйіп отыр.
Айта кетейік, Жеңістің 77 жылдық мерекесіне орай облыстағы 22 ардагердің әрқайсына 1 миллион теңгеден берілді.
Түркістан облысының баспасөз қызметі.
Comments