ДенсаулықЖаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ СӘТТІ ОТА ЖАСАЛДЫ

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының ақ халатты абзал жандары 98 жастағы соғыс ардагері Қалмен Мұратовке ота жасады. Ақсақалдың ортан жілігіне ота жасалған болатын. Жауынгер қарт дәрігерлерге батасын беріп, сәтті өткен отаға ризашылығын білдірді.

— Науқастың жағдайы бірқалыпты. Отадан кейін бір жарым ай көлемінде балдақпен жүреді деген сенім бар. Одан кейін өзі толық жүре алатын болады,— деді облыстық клиникалық аурухананың ортопедия бөлімінің меңгерушісі Нұрбол Сахов.

Ақсақалдың балалары ауыр жағдайға қарамастан отаны сәтті өткізген аурухана қызметкерлеріне алғысын жеткізді.

Айта кетейік, ғасырдай жасаған абыз ақсақал бүгінде 6 ұл , 2 қыздан 90-нан астам немере мен шөбере сүйіп отыр. Ондаған орден мен медалі бар.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ САРЫАҒАШТЫҚ АРДАГЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ  

Алдыңғы

ЖАҚСЫ БАРЛАУ — ЖЕҢІСТІҢ КЕПІЛІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *