Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Ұлы Отан соғысының ардагері Алексей Андреевтің шаңырағына барып, Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.
Шыңғыс Жұмабекұлы аға буынға құрмет көрсету – перзенттік парызымыз бен қастерлі міндетіміз екенін атап өтіп, қарт майдангерге сый-сияпат жасады.
Қала әкімдігі ардагерлерді қамқорлығына алып, әрдайым қолдау көрсетіп келеді.
— Ұлы Жеңіс мерекесіне орай қала әкімінің арнайы жоспары бойынша құттықтау іс-шаралары өтуде. Шаhарда ҰОС ардагерлерінің қатары сиреп барады. Біз майдангер ата-әжелеріміздің ерлігін еш ұмытпаймыз. Ардагерлерге қала әкімдігі тарапынан әлеуметтік қолдау жеткілікті. Оларды мерекеде құттықтау үшін түрлі мекемелер ұсыныс жасауда, — деді қала әкімінің бірінші орынбасары.
Құттықтау іс-шарасында Capital Invest Construction құрылыс компаниясының өкілі Ермек Сұлтанғазы 94 жастағы ардагерге 1 млн теңге қаржылай сыйақыны табыс етті.
«Шымкент келбеті»-Тағабай Қасым, Фото Серік Қосаев
Comments