ЖаңалықтарСаясат

РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСЫП, ДАУЫС БЕРУ — ЖАҢАРУДЫ ҚОЛДАУДЫҢ БЕЛГІСІ

Референдумды өткізу бастамасы нені білдіреді? Бастамашыл топты қолдаушы пікірлерге зейін қойсақ, референдум – демократияның айқын айғағы. Негізінде, референдумдар мазмұнына қарай конституциялық, заң шығарушылық, халықаралық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, әкімшілік-территориялық және т.б. қажеттіліктерге байланысты өткізіледі. Азаматтардың жалпымемлекеттік, аймақтық және жергілікті ауқымда аса маңызды мәселелерді тікелей дауыс беру арқылы өз еркін білдіруі және сол арқылы саяси шешім қабылдауға ықпал ету шарасы және референдум – тікелей демократияның маңызды институты болып саналады. Заң шеңберінде Республикалық референдум өткізу туралы бастаманы Президент, Үкімет, Парламент және барлық облыстан тиесілі мөлшерде 200 мыңнан кем емес сайлаушының еркін білдіретін бастамашыл топ ұсына алады. Ел президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы 16 наурыздағы Жолдауы бойынша елімізге орнықты дамыту мен ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау үшін, қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған реформасына сәйкес ата заңымызға өзгертісер енгізілу қажет болды. Ағымдағы жылдың 29 сәуірі күні Қазақстан халқы ассамблеясының 31-сессиясында сөйлеген сөзінде ата заңымызға өзгерістер енгізу үшін ел бойынша халықтың пікірін білу мақсатында: «Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едім. Бұл — қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын» – деп ұсыныс тастады. Иә, конституция еліміздің басты заңы. Оған түзетулер енгізу мәселесін халықтық сайлауға шығару демократиялық заңды үрдіс деп бағалауға болады. Қазақстан Республикасының Конституцияның 3-бабының 1, 2 – тармақтарында көрсетілгендей

1. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық,

2. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. деген баптарға сәйкес алдағы айда елімізде өткізілгелі отырған — Референдумға әр азаматтың қатысып дауыс беруі — мемлекет басшысының саясатын, елдегі тұрақтылық пен демократияны, жаңару мен жаңғыру жолындағы жаңа қазақстанды қолдаудың белгісі екені анық.

PS: Еске сала кетсем — Референдумдардың отаны әрі оны өткізуден рекордшы атанған Швейцарияда алғаш рет 1439 жылы өткізіліпті деп есептелінеді екен және бұл үрдіс осы елде тікелей демократияның нышаны ретінде тұрақты ұйымдастырылып тұрады дейді. Ал, тәуелсіз Қазақстан тарихында жалпыхалықтық референдум екі рет өткізілді. Екеуі де 1995 жылы болған еді.

Қобланды ӘБЕНОВ

БИЫЛ «ТАРАЗДА» ПАРАСАТ КӨШЕСІ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ ЖӘНЕ ҚАЙТА ЖӨНДЕЛЕДІ

Алдыңғы

МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ АРДАГЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *