Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ЖЕҢІС ЛЕНТАСЫ» АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ «ЖЕҢІС ЛЕНТАСЫ» АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жеңіс күні – қазақстандықтар үшін маңызды мереке. Сұм соғыс жеңіспен аяқталып, еліміз бейбіт өмір сүріп келе жатқанына биыл, міне, 77 жыл толып отыр. Осыған орай бүгін Шымкентте «Жеңіс лентасы» атты акция ұйымдастырылды.

Акцияның аясында қаладағы Арбат алаңына демалуға келген тұрғындарға Жеңіс лентасы сыйға таратылды. Бұл шараны Шымкент қаласы әкімдігі ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған.

–Бүгінгі бейбіт күніміз бен тыныш өміріміз үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қарыздармыз. Сол үшін майдан даласында ерлік көрсеткен, тылдағы ауыр еңбекте қажыр-қайратын аямаған ата-әжелерімізге құрмет көрсету – біздің перзенттік парызымыз. Осыған орай бүгін Шымкентте 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Жеңіс лентасы» акциясы өтуде. Арбат алаңына жиналған жастарға лента таратып жатырмыз. Барлығы 200-ден астам лента тараттық, – дейді Жастар ресурстық орталығының маманы Ұлжан Төлен.

Айта кетейік, көк туымызбен түстес лента «9 мамыр – Жеңіс күні, 1941-1945 жылдар» деген жазуы бар төсбелгімен айшықталған. Бұл қазақстандықтардың соғыста көрсеткен ерлігі мен қайсарлығын бейнелейді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара жастардың бойында тарихқа деген құрмет пен отаншылдық сезімді ояту мақсатында ұйымдастырылған.

«Шымкент келбеті» – Айдана МҰХТАРОВА.

ӘСКЕРИ НОРМАТИВТЕР БОЙЫНША САЙЫСТЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ СПОРТШЫЛАР ПОЛИЦИЯ ЖҰМЫСЫНА КӨМЕКТЕСТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *