Жаңалықтар

ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ КӨЗ ЖАНАРЛАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ  

Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімдігі және «Astana Vision Shymkent» клиникасының ұйымдастыруымен ауданның 15 тыл ардагеріне көз жанарын тегін тексеру акциясы ұйымдастырылды. Медициналық тексеру кезінде қарттардың көз жанарлары бірнеше этаптан тұратын арнайы құрылғымен қаралды. «Astana Vision Shymkent» директоры Алтынбек Медеттің айтуынша клиникада тыл ардагерлері үнемі тегін тексеріледі.

«Біздің бүгінгі күнде бейбіт, тәуелсіз елде алаңсыз жұмыс атқарып жүргеніміз осы кісілердің арқасы. Тексеруден өтіп жатқан 15 тыл ардагерінің көзінде ақаулар болып, ота қажет болған жағдайда тегін ота жасап береміз. 9 мамыр-Жеңіс күнімен клиникамыздың атынан құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Егемен еліміздің тыныштығы жолындағы қызметтеріңізді ешқашан ұмытпаймыз»,- деді Алтынбек Айдарбекұлы.

Кездесу соңында 15 тыл ардагерлері мен олардың отбасы мүшелеріне «Astana Vision Shymkent» клиникасында көз жанарын тексеруге 25 пайыз жеңілдік карточкалары сыйға берілді.

ШЫМКЕНТ: «E-SALYQ BUSINESS» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫН 1,5 МЫҢНАН АСТАМ КӘСІПКЕР ПАЙДАЛАНУДА  

Алдыңғы

Оқушылар Шымкенттегі әскери бөлімге барды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *