Қасиетті Рамазан айында қасиетті Қадір түніне орай қала бойынша бір мезетте Құран Хатым дұғасын бағыштау шарасы ұйымдастырылды.
Орталық мешітте өткен игі шараға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бастаған зиялы қауым өкілдері мен Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов қатысып, жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтады.
Сондай-ақ, шаһардың бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауын жеткізіп, Рамазан айының қадір-қасиеттері туралы уағыз айтты. Сонымен қатар, қасиетті Рамазан айында тарауық намазында Құран Хатым еткен Омар қари Сәлімбеков, Алибек қари Жалиев, Абдуғаффор қари Тұрсынов бастаған қариларға ризалық білдіріп, құрмет көрсетілді. Айта кетсек, биыл қаладағы 45 мешітте тарауық намазында Құран Хатым түсіріліп, оны 87 қари оқыды.
Қадір түні жасаған дұға қабыл болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Comments