Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚОНАҚ ҮЙ САНЫ АРТУДА

Шымкенттің туристік әлеуетін дамытуда қонақ үй санын арттырудың маңызы зор. 2021 жылдың көрсеткіші бойынша қаладағы қонақ үй саны — 121 болса, жыл басынан бері жаңадан ашылған және құрылысы жүріп жатқан қонақ үйлер саны көбейген. Соның бірі, жақында жұмысын бастаған — “Dora” қонақ үйі.

Нөмірлер люкс, делюкс және стандартқа бөлінген. Жалпы, қонақ үйдегі бөлме саны — 27, төсек-орын — 44-ті құрайды. Одан өзге, қонақ үй ішінде фитнес клуб пен мейрамхана орналасқан.

Айта кетейік, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау бойынша, туристік нысан құрылысы шығындарының бір бөлігі, яғни 10%-ы кәсіпкерге қайтарылады. Қонақ үй құрылысын бастайтын инвестор жайында толық ақпарат алу үшін Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының Call-орталығының +7 701 102 17 17 немесе +7 701 109 17 17 нөмірлері арқылы байланысуына болады.

МӘРТӨБЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІМЕН ҚАМТЫЛҒАН  

Алдыңғы

АЛҚАБИГЕ КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ 6 МЫҢҒА КӨБЕЙДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *