ЖаңалықтарҚоғам

АЛҚАБИГЕ КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ 6 МЫҢҒА КӨБЕЙДІ

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында «Құқық қорғау институттарын күшейту», алқабилердің қарауына берілетін істердің санатын кеңейту айтылған болатын. Осыған орай, бүгін сот, құқық қорғау органдары мен адвокаттардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Басқосуда сот, құқық қорғау органдарына берілген тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталған шаралар талқыланды. Сонымен қоса, алқабилер сот төрелігін жүзеге асыруға қоғам өкілдерінің кеңінен қатысуына жол ашу керектігін және алқабилердің қарауына берілетін істердің санатын кеңейтуге баса мән берді.

Алқабиге кандидаттардың бірыңғай және қосалқы тізімдері 4 000-нан 6 000-ға дейін көбеюде.

Дөңгелек үстелге қатысушылар алдағы уақытта алқабиге кандидаттарды іріктеу рәсімін цифрландыру қажеттігілі туралы ұсыныс білдірді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

ШЫМКЕНТТЕ ҚОНАҚ ҮЙ САНЫ АРТУДА

Алдыңғы

ТҮРКІСТАННЫҢ АУДАРЫСПАҚ ШЕБЕРЛЕРІ ҚАРСЫЛАС ШАҚ КЕЛТІРМЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *