Шымкент қаласында құрылыс нысандары өте көп. Бірақ, кейбір құрылыс процесіне қойылатын негізі талаптар, атап айтсақ, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 68 бабына сәйкес келе бермейді. Ал мұндай жағдайда аталмыш заңның талаптары орындалмаған болса меншік иесінің есебінен объектіні бұзуға дейін азаматтық және әкімшілік тәртіппен жауапкершілік көзделген. Сондықтан, осындай жағдайлар орын алмас үшін Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді.
Дегенмен, аталған талаптарды орындамай құрылыс бастаған азаматтар да кездесетіні жасырын емес. Сондай бір құрылыс нысаны заңсыз деп анықталып, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан қаланың Қаратау аудандық сотына құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы талап арыз берілді. Нәтижесінде, Қаратау аудандық сотының 2021 жылғы 05 қарашадағы №5215-21-00-2/2377 санды шешімімен Астана мөлтек ауданында орналасқан өлшемдері 9,4 х 12,4 метр болатын құрылыс мәжбүрлеп бұздырылды.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммунициялық орталығы
Comments