Қала әкімі М.Әйтенов Абай ауданы Қазығұрт аумағы тұрғындарымен кездесуде елді мекендерде атқарылатын жұмыс жоспарларға тоқталып өтті.
Бүгінде Абай ауданындағы Ақтас-1 тұрғын алабы ауыз су және электр жарығымен толық қамтамасыз етілген.
Табиғи газбен қамту бойынша «Ремстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме құрылысты 2022 жылдың 4 тоқсанында аяқтауды жоспарлап отыр.
2021 жылы 2,8 шақырымға шағал тас төселді. Биыл екі көшеге – атауы жоқ № 3, 4 көшелерге шағал тас төсеу жоспарда. 2023 жылы 4, 2024 жылы 4 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылады.
Елді мекенде биыл 1 балалар ойын алаңшасын орнату үшін жер телімі қарастырылуда. Сондай-ақ, базалық станция орнату жұмыстары биыл жыл соңына дейін аяқталады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Береке Сейітжаппар
Comments