Әл-Фараби ауданына қарасты «Сәуле» шағын ауданы 276 орамда мыңнан астам адам тұрады.
💡 мемлекеттік сапалы электр жүйесімен қамту мақсатында былтыр құрылыс жұмыстары басталған. Жалпы жұмыстың 70 пайызы атқарылды. Осы жылдың соңына дейін толық электр жарығымен қамтылады.
🚰 ауыз сумен толық қамтылған.
🔥 табиғи газбен қамту үшін қаржы қаралып, сәуір айында жұмыстар басталады. Жыл соңына дейін табиғи газбен толық қамтылады.
🌐 сапалы интернетпен қамту мақсатында қазіргі таңда оптика желісі жүргізілуде. Жаз мезгіліне дейін аяқталады.
🛣️ жол – 18 көшенің біреуі асфальтталған.
2020 жылы 5 көшеге
2021 жылы 6 көшеге тас төселді.
2022 жылы 14 көше (15 км) тас төсеу жоспарлануда.
2023 жылы 7 көшеге асфальт төсеуге ұсыныс берілетін болады.
🚌 43, 16 қоғамдық көліктері қызмет етеді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments