АймақЖаңалықтарМәдениетРуханият

ШЫМКЕНТТЕ КӨРІСУ КҮНІ ОРДАБАСЫ АЛАҢЫНДА ӨТТІ 

Шымкент қаласының Ордабасы алаңында Көрісу күніне орай «Амал келді, жыл келді» атты қала тұрғындарымен мерекелік іс-шарасы өткізілді. Оған қаладағы мәдениет және өнер ұжымдары қатысты.

Мәдениет саласының ардагері Асқар Алихан Наурыз шығыс халықтарына ортақ мереке екенін және қазақ халқы Наурызды жаңарған күн деп атағанын айтады. Ал Шымкент-цирк мекемесінің бөлім меңгерушісі Құрманғазы Ізтілеуов Амал, Көрісу күнінде үлкен де, жас та бір-бірімен табысып, өкпе-реніштерін ұмытып, кешіру керек дейді.

— Мерекені тойлау 14 наурыздан басталады. Наурызды бірнеше күн қатарынан түрлі атаулармен атап өту еліміздің батыс өңірінде ерекше қолға алынған. Өзім мерекені Амал күнінен бастап тойлауды бес жылдан бері үзбей орындап келемін. Бұл шығыс халықтарының көктемнің алғашқы күнін мерекелейтін басты мейрамдырының бірі ғой, — деді Қ.Ізтілеуов.

Шымкент өзбек драма театрының актрисасы Клара Шадибекова үшін де Амал күні ерекше мерекенің бірі ретінде саналады. Ол Наурыз мерекесінің қарсаңында үйінің ауласын тазалап, көшет егіп, ұлттық нақыштағы киімдерін киіп көрші-қолаң, туған-туыстарды аралайтынын жеткізді.

«Шымкент келбеті» — Әнуар ЖҰМАШБАЕВ, фото: Серік ҚОСАЕВ

КӨРІСУ КҮНІ ЭТНОАУЫЛДА ЖАЛҒАСТЫ

Алдыңғы

АЙТЫЛДЫ — ЖАСАЛДЫ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *