АймақЖаңалықтарМәдениетРуханият

КӨРІСУ КҮНІ ЭТНОАУЫЛДА ЖАЛҒАСТЫ

Бүгін шымкенттіктер Көрісу күнін кең көлемде тойлап жатыр. Ордабасы алаңынан бастау алған мереке «Shymqala» этноауылында жалғасын тапты. Шараға қала тұрғындары мен өнер иелері қатысты.

Шараны үшінші мегаполистің мәдениет басқармасына қарасты жиырмаға жуық мекемесі бірлесіп, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

– Қошқар ата сейілімен басталған мерекелік шаралар он күнге жоспарланған. Қыстан аман шығып, көкке табан тірегенімізге қуанып, көрші‐қолаң, халықпен көрісіп жатырмыз. Биылғы мерекенің ерекшелігі ‐ концерттік бағдарламалар. Наурыз тойы қаланың барлық аумағында тойланатын болады, ‐ деді мәдениет басқармасының басшысы Ханзада Есенова.

«Shymqala» этноауылында өткен шарада Шымкент қалалық ұлт‐аспаптар «Қазақ» оркестрі мен өзге этнос өкілдері де өнерлерін ортаға салды.

– Елдігіміз бен кеңдігімізді білдіретін мереке Әз‐Наурыз төрімізге аттағалы тұр. Ұлыстың ұлы күнінде ағайынмен қол алысып, кеуде қағысып көрісіп жатырмыз. Ежелден жеткен ата‐баба дәстүрін дәріптеп, оны ұрпаққа ұғындару үшін көрісу күнін тойлау керекпіз, ‐ деді Ж.Шанин атындағы қазақ‐драма театрының актері Еркін Шымырқұлов. Айта кетейік, 15 наурыз этноауылда Жайлау күніне қарсы мерекелік шара өтеді.

«Шымкент келбеті» ‐ Ақбөпе ЕРГЕШ, Фото Серік ҚОСАЕВ

ТІЛЕК ТІЛЕЙТІН КҮН

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ КӨРІСУ КҮНІ ОРДАБАСЫ АЛАҢЫНДА ӨТТІ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *