АймақӘлеуметЖаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ ТҰРҒЫН АЛАБЫНА САПАЛЫ ЖАРЫҚ КЕЛДІ  

Абай ауданына қарасты Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында 3 мыңға жуық тұрғын тұрады. Онда 1 мектеп пен 2 балабақша бар. Қосымша мектеп салу қажет етеді. Тұрғын алаптың инженерлік инфрақұрылымы кезең-кезеңімен шешіліп келеді.

💡Қазіргі таңда аталған елдімекен жекеменшік электр жарығымен қамтылған. Сапалы жарықпен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы құрылыс жұмыстары аяқталып, бүгінде абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.

🚰 100 пайыз ауыз сумен қамтылған.

🔥 Табиғи газбен қамтылмаған. Биылғы жылы ЖСҚ әзірленніп, 2023 жылы толық көгілдір отынмен қамту жоспарлануда.

🛣️ Жалпы көшелер саны 40 болса, оның 1-і асфальт, 39 тас жол. Өткен жылы 6 шақырымға шағал тас төсеу жұмыстары атқарылса, биыл 3 көшеге төселеді. 2025 жылға дейін жолдардың 13 шақырымына асфальт төселетін болады.

🎇 40 көшенің 3-і жарықтандырылған. 2022 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 8,3 шақырымды құрайтын «Әбдірайымов» көшесін жарықтандыру жоспарлануда.

🛰️Тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін базалық станция орнатуға жер телімі анықталып, инвестор тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, елді мекенді жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамту жұмыстары 2022 жылдың соңына көзделген.

🚌 Кестесіне сәйкес — №146, 180 маршруттар қатынайды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТ ДӘРІГЕРЛЕРІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРДАҒЫ СОҢҒЫ НАУҚАСТЫ ҮЙІНЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Алдыңғы

35 АУЛАНЫ АБАТТАНДЫРУ ЖОСПАРДА БАР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *