Бүгінде Шымкент қаласында 9 үш ауысымды білім ошағы қалған. Орын тапшылығын жою мақсатында жан басына қаржыландыру жүйесі септігін тигізуде. «Жас дарын-3» жеке меншік мектептің құрылысымен танысу барысында қала әкімі инвесторлар есебінен салынатын білім нысандары тиімділігіне тоқталды. «Жан басына шаққандағы қаржыландыру – бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігін арттырады, жалпы білім беретін мектептердің материалдық жағдайын жақсартады және жұмыс нәтижелерін ынталандырудың қосымша шаралары есебінен педагогтың беделін жоғарылатуға септігін тигізеді»,-деді М.Әйтенов.
Мектепті ағымдағы жыл пайдалануға беру жоспарланған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments