Жеке инвестордың есебінен салынып жатқан мектептің құрылысымен танысу барысында қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді. Қазақстанда мемлекеттік мектептермен қатар, жекеменшік мектептер де білім саласының дамуына үлес қосып келетінін айтқан қала басшысы орын тапшылығын жою үшін білім нысандарын салуға кәсіпкерлерді көптеп тарту қажет екенін айтты.
Құрсай шағын ауданында орналасқан мектеп 550 орындық. Жаңа оқу жылында пайдалануға берілетін нысанның құрылысын аралау барысында әкім сапасына баса назар аударып, баланың сапалы білім алуы үшін материалдық-техникалық базасының талапқа сай болуын қадағалады.
Жеке меншік білім мекемелеріне ҚР Білім және ғылым министрлігінің жүйесімен мемлекеттік тапсырыс бойынша жан басына шаққанда қаражат төленеді. Яғни, жеке меншік мектептерде кез-келген бала тегін білім алалады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments