АймақЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ 104 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ  

Шымкент қаласының көшелерін түнгі жарықшамдармен қамтамасыз ету мақсатында «Шымкент қаласының жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасы іске асырылуда. Бұл кешкі мезгілде қала қауіпсіздігі мен көркіне оң септігін тигізбек. Жарықшамдар алдымен мектеп, аурухана секілді әлеуметтік нысандар орналасқан орталық көшелерге қойылады.

Өткен жылы мемлекеттік- жекешелік әріптестік аясында 104 көше жарықтандырылды. Нәтижесінде мегаполистегі орталық маңызы бар жарықтандырылған көше саны 324-ке жетті. Қамту көрсеткіші 30 %- дан 43,4 %– ға өсті. Жалпы мемлекеттік- жекешелік әріптестік аясында (ГЧП) 2021–2023 жылдары 312 көше жарықтандырылады деп жоспарланған. Биыл 102 көше, атап айтқанда Абай ауданы — 29 көше, Әл-Фараби ауданы — 17 көше, Еңбекші ауданы — 29 көше, Қаратау ауданы – 27 көше жарықтандырылмақ.

2023 жылы 106 көше жарықтандырылып, көрсеткіш 70 %-ға жететін болады. 2025 жылы 100 пайыздық көрсеткішке қол жеткізу межеленген.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТТЕ ТАСЫМАЛДЫ СУ ТҰТЫНАТЫН ЕЛДІМЕКЕНДЕР МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛДІ

Алдыңғы

БИЫЛ «АҚЖАР» ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛАДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *