АймақЖаңалықтарҚоғамТехнология

ИНТЕРНЕТ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкентте қала әкімінің орынбасары М.Исаховтың төрағалығымен қала аумағын және қаладан шалғай орналасқан елді мекендердегі интернет сапасын жақсарту мәселесі бойынша мәжіліс өтті.

Мәжіліске Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы мен энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы және «Қазақтелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Кселл» АҚ, «I-LinkNet.net, «СпецавтоматикаСервис» ЖШС, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «Шымкент қаласы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» мен «Нұр-Астана Строй» ЖШС өкілдері қатысты.

Мәжіліс барысында цифрландыру басқармасы өңірді интернетпен қамту мақсатында өткен жылы 4 инвестор тартып, 11 елді-мекенге интернет желілерін тартқан болса, биыл жеке инвесторлар қаражаты есебінен 15 елді-мекенге талшықты оптика желісін жүргізу және интернет сапасы төмен 11 елді-мекенге базалық станция орнатуды көздеп отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ — САПА КЕПІЛІ

Алдыңғы

ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢНАМАСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *