Үшінші мегаполисте көлік инфрақұрылымын дамытуға 55,1 млрд.теңге бағытталып құрылыс, қайта құру 36,1 км күрделі жөндеу 30,5 км пайдалануға тапсырылып, 407,3 км жол орташа жөндеуден өтті.
Сонымен қатар, 327,6 км топырақ жолдарға шағал тастар төселіп, 21 км вело жолдар салынды. Одан бөлек, 520 аялдамалар жаңартылып, орнатылған.
Көлік кептелістерін болдырмау мақсатында аса маңызды жобалар Қонаев даңғылы, А-2 автожолын қайта құру, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдары, Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би — Арғынбеков жол айрықтары құрылыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 56,5%-дан 63,6%-ға жеткен.
Қоғамдық көлікті жаңарту бойынша Шымкент қаласында жолаушылар көлігін дамытудың кешендік схемасы бекітіліп, 590 автобустар алынып, қоғамдық көліктердің 90% жаңартылды.
Әлеуметтік мәні бар 64 автобус бағыттары ашылып, тасымалдауды субсидиялауға 18,5 млрд.теңге бөлінді.
Жеке инвестициялар есебінен электрондық төлем жүйесі енгізілді.
Қала тұрғындары мен қонақтарына қала ішінде жүруіне қолайлы жағдайлар жасау, қолжетімді көлік ретінде 40 дана станциясы бар 160 автоматтандырылған вело прокат орнатылды. Сонымен қатар, 60 станциясы бар 1000-ға жуық электросамокат орнатылды.
Қала аумағындағы жолаушыларға жағдай жасау үшін 250 қоғамдық көлік аялдамаларын жаңартылды.
Comments