ЖЫЛУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІ БОЙЫНША соңғы екі жылда Шымкент қала аумағындағы 68,2 шақырым жылу жүйелерін жөндеу, 15,4 шақырым қымтау, 0,36 шақырым күрделі жөндеу, 3 сорғы стансасы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде тозу деңгейі 42,7%-дан 37%-ға дейін төмендеді.
2021 жылы қаладағы тозығы жеткен 35,8 шақырым электр желілері және 98 дана трансформаторлар қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ — 25,5 млрд.теңгеге 5 магистралдық 25 елді мекен құрылысы аяқталып, 59,6 мыңға жуық халық қамтылған. Оның ішінде, 11 кестемен, 7 қамтылмаған елді мекен. Нәтижесінде, сумен қамту деңгейі 94,7%-дан 98%-ға жеткен.
КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУДА — 8,4 млрд.теңгеге 2 магистралдық 2 елді мекен құрылысы аяқталып, 30 мыңға жуық халық қамтылған. Нәтижесінде, кәрі жүйесімен деңгейі 49,1%-дан 54%-ға жеткен.
ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТУДА — 18,1 млрд.теңгеге 2 подстанция 20 елді мекен құрылысы аяқталып, 44,8 мыңға жуық халық қамтылған. Оның ішінде, құрылысы 2015 жылдан бастау алған «Бозарық» 220 кВ және «1-М-1» 110 кВ подстанциялары пайдалануға беріліп, қаланың Солтүстік бөлігін үздіксіз электрмен қамту мәселесі шешілген.
Нәтижесінде, сапалы электрмен қамту деңгейі 93%-дан 97%-ға жеткен.
ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУДА — 13,7 млрд.теңгеге 5 магистралдық 5 елді мекен құрылысы аяқталып, 11 мыңға жуық халық қамтылған. Оның ішінде, аса маңызды құны 9,4 млрд.теңгеге қуаттылығы 250 мың метр куб «№3 АГРС» пайдалануға тапсырылып, қаладағы газ қуаттылы жетіспейтін мәселесі толығымен шешілді.
Нәтижесінде, табиғи газбен қамту деңгейі 92,1%-дан 93%-ға жеткен.
Comments