Жаңалықтар

БАҒА ТУРАЛЫ

Шымкенттіктерді азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында қалалық азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорынан 2 млрд.теңге бөлінді. Бұл туралы Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Әбілмансұр Жанбатыров мәлімдеді.

Басқарманың мәліметіне сүйенсек, қажетті азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қаралған қаржы «Фиркан», «Магнум», «Грамад» сауда нүктелеріне бағытталып отыр.

— Шымкентте азық-түлік тапшылығы жоқ. Бүгінде негізгі азық-түлік қоры толық жасақталған. Сондықтан, қала тұрғындарын сабыр сақтап, дүрбелең туғызбауға шақырамыз, — дейді Ә.Жанбатыров. Айта кетейік, өткен жылы азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қордан 5,7 млрд. теңге бөлінген.

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛЫПТЫ РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ 7 БЛОК-БЕКЕТ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *