АймақЖаңалықтарҚоғамМәдениетРуханият

ШЫМКЕНТ ТУРИСТЕРГЕ ҰСЫНЫЛАТЫН ТОП 10-ҒА ЕНДІ

Туризм дегеніміз — елді әлемге танытатын жарнаманың бірі. Туризм дамуы үшін тазалық пен қауіпсіздік  алға шығуы тиіс.Сондықтан қаламызда бұл екі мәселеге айрықша көңіл бөлініп, айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Соның нәтижесінде қаламыз еліміздегі туристерге ұсынылатын топ 10-ға енді. Туризм саласын дамыту бойынша қабылданған жаңа заң негізінде туристік нысандар салатын кәсіпкерлерге инвестициялық жеңілдіктер қарастырылған. Соған орай қаржылай қолдау тетіктері ұлғайды. Атап айтқанда, инвестициялық жеңілдіктер, сырттан туристер әкелетін туроператорлардың шығынын субсидиялау бар. Мынандай да мүмкіндік бар. Егер кәсіпкер қоғамдық әжетхана соқса, айына 83 мың теңге оны таза ұстау мен айналасын күтіп-баптауға беріледі. Туристер үшін арнайы автобус сатып алынса, оның 25 пайызын мемлекет есебінен субсидия алады. Мұнан да басқа жеңілдіктер қарастырылған.   Шымкент қаласы әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес  Сайрам тұрғын алабындағы ескі қалашық қамалын қайта жаңғырту жұмыстары бойынша жобалық мастер-класс басталды. Егер жоба мақұлданып, іске асатын жағдайда қайта жаңғырту жұмыстары барысында сансыз баптар жатқан мекен шығыс стиліне еніп, туристердің қызығатын бірден-бір орнына айналмақ.

Түркияда қазақ қыздарының кітабы жарық көрді

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ СПОРТТЫҚ НЫСАНДАР КӨБЕЙЕ ТҮСУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *