ӘдебиетМәдениетРуханият

БАҚЫТТЫ ҒОЙ АНАЛАРЫ БАР АДАМ….

Оңтүстік өңірі қашанда таланттарға кенде емес. Әсіресе, жастар арасында талантымен көрініп, шығармашылық жолда көзге түсіп жүрген бір топ жеткіншектер бар. Солардың бірі Төлеби ауданының төскейінде дүниеге келген бүгінде жастар арасында ғана емес әдебиет сүйер қауымға танымал болған Қанат Сарыбаев. Оның өлең жазудағы нашығы басқаларға ұқсамайтын сарынмен өріледі. Шығармаларында жүректің терең түпкірінен шыққан тегінде тебіреніспен жыр жолына айналдыра алатын шеберлігі бар. Мәселен, оның мына бір өлең жолдары сөзімізге дәлел:

Өлеңім саған ғана бас ұрамын,
Шабытпен мерейіңді асырамын.
Ойларымды жырменен өрнектемей,
Қалайша жүрек сырын жасырамын. - дейді.

Бүгінде Шымкент қаласындағы Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде ұстаздық еңбек етіп жүрген ұстаз ақынның жүрек жарды туындыларын оқырманның назарына ұсынғанды жөн көрдік..

АНАМ ЖАЙЛЫ…..

Асыл анам, аяулы анам, жан анам,
Мен өмірдің кірпіші боп қаланам.
Өсіп-өніп қанаттанып келеді,
Өзіңізден ұрпақтарың тараған.
Бақытты ғой аналары бар адам,
Менде сондай шын бақытты қалағам.
Асыл анам сіз алаңсыз болыңыз,
Болашаққа нық сеніммен баралам.
Өмір деген  бәйгесі көп аламан,
Бұл балаңыз сөз бастауға жараған.
Көздерінен нұр төгіліп тұратын,
Менің анам, менің анам дара адам.
Біздер үшін еңбек етіп тынбастан,
Жұлдыздары жарқыраған  түнгі аспан.
Құшағы кең, мейірімді жүрегі,
Анама арнап жазайын мен жыр дастан.
Алғаш сөзім Ана деумен басталған,
Адам бол деп қол бұлғайсыз асқардан.
Аман болып жанымызда жүрсеңіз,
Одан артық болмас еді-ау басқа арман.
Ана сөзі қымбат маған басқадан,Анам жайлы айтылады асқақ ән.
Білесіз бе жан анашым мен кейде,
Тағдырымның кей сәтінен жасқанам.

   ҚАНАТ АҒАМА АРНАУ!

Дара ақыны дархан мынау даланың,

Бұл өнерге нықтап басқан кадамын.

Жырымменен мақтанғым ақ келіп тұр,

Ерекше бір шабыттанып қаламым.

Сөз өлмейді туса дағы қайта күн,

Көп ау сірә сіз туралы айтарым.

Жыр қадірін ұғынатын ерлікті,

Ақын аға мен өзіңнен байқадым.

Берген екен Тәңірім Сабырлықты,

Арқалап жүрсіз талай ауыр жүкті.

Қанат аға,  мен сізден көріп жүрмін,

Кей туыстан көрмеген бауырлықты.

Ізім қалсын ұрпағыма құр кетпеймін,

Деген сізді қалай мен үлгі етпеймін.

Қайсар ақын, Жайсан ақын, дара тұлға,

Бола білген мен сізді құрметтеймін.

Қағып тұрса сәттілік есігіңді,

Тербетсін бақыт құсы бесігіңді.

Оқып жүрсе екен дейміз ұл қызымыз,

Әдебиет беттерінен есіміңді.

Нұр төгілсін таңдарыңа әр атқан,

Сіз ақынсыз елді аузына қаратқан.

Қазақ десе еске түсер Абайдың,

Жолын берсін, ізін берсін Жаратқан.

Өлеңді өміріңе балап жатсың,

Еліңнің ертеңіне жарап жатсың.

Қанаты талмайтұғын Қанат ағам,

Қарлығаш жыр кеудеңде қанат қақсын.

Ғазиза Әуесханқызы, өнердегі шәкірті 

 

Шексіз сүйіспеншілік…

      Өз жүрегімнің, өзгеше сезімімнің от жалынын оңаша маздатуыма Фариза есімді қыз себепкер болды. Бертін келе менің өмірімнің негізгі кейіпкеріне айналды. «Бәркөліктің» биік бедерлі тау аясында тұрсам, биік бәйтеректей болып, көз алдымда тамаша тау самалындай жұмсақ, жусандай жұпар, мақтадай үлбіреп, толқындай қимыл ырғақпен мені іздеп Фариза келе жатқандай. Ол жанның  маған деген мәртебелі махаббаты, тәж-тағымен, сән-салтанаты мен келіп менің кішкентай ғана жүрегімнің төрінен қоныс тепті. Ал, менің діріл қаққан жүрегімнің жүлдесі тек қана сол жанға арналды. Ғашықтың көзі қырағы келеме ме кім білсін, әйтеуір менің жабырқау сәттерімді, мен айтып үлгермей жатып аңғарып қояды. Қамқоршы жардың жүрегі қарлығаш қанатындай лапыл қағып, дамыл алмай тыпыршып қоя береді.  Оның кейде ренжіп қалған сәтінде сөйлемей айтпауы азаптан ауыр, үндемеуі ұрғаннан бетер болып, ішкен асым бойыма дарымай, оқығаным ойға қонбай қалады. Осыдан кейін сүйіктімнің көңілін жабырқатарлық сөзді айтпақ түлігі, ойыма да жолатпаймын.  Мен алыс мейлі жақын сапардан қайтсам, ол мені өзінің маздаған махаббаты, таусылмас құштарлығымен қарсы алады. Мұз жүрегімді жібітіп, шығармашылығыма шабыт сыйлап, жүректі баурап, жан сырымды айтқызбай ұға білетін шіркін менің мәртебелі махаббатым неткен құдіретті жан десеңізші! Қашанда өзінің жақсы қылығымен, жарасымды мінезі, жайдары кіршіксіз көңілі барған сайын менің қуанышымды молайтып, өмірімді өзендей тасытып, көңілімді көркейтіп, шынайы шаттыққа бөлей береді. Жатсам жадым да, жүрсем жүрегімде, үнемі көз алдымда сол жан  тұрады.

Қанат  САРЫБАЕВ.  

 

ӨНЕРІҢЕ АНАЛАРДА БАС ИДІ 

Бізге мәлім Сарыбаев мінбері,
Еміс ғана естілсе де үндері,
Ашып тастап оқығанда кітабын,
Өзімізді сезінеміз ілгері.
Әдебиетте дара жолды таңдаған,
Махаббаты тылсым күйде маздаған.
Аналардың алау отын тұтатып,
Жалынына өзі күйе жаздаған.
Ақын десем қателесіп қалмаспын,
Мен өзіңе қанат қақсам талмаспын.
Сені көрсе қызғаншақтар, дүмшелер,
Қаймыққаннан жүзін көрер алмастың.
Өнеріңе Аналарда бас иді,
Кәусарларың арнасынан тасиды.
Құрдастарың сендей болмақ қайда деп,
Кейде кеміп желкелерін қасиды.
Кемеңгерсің қазақтағы тұлғасың,
Тынбай аққан қысы жазы жылғасың.
Кітаптарың сағынышқа айналса,
Жан достарың алыстан қол бұлғасын.

Өнердегі досы Ақерке Маликованың арнауы  

 

 

ҚАЛАМЫЗДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ «ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ» ҰЛТТЫҚ  ОЙЫНЫНА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ ЖОҒАРЫ

Алдыңғы

250 МЫҢ ХАЛЫҚТЫ ҚАМТИТЫН «БОЗАРЫҚ» ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *