АймақЖаңалықтарҚоғамСпорт

ШЫМКЕНТТІК СТУДЕНТ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс.  Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады» деген болатын.   Осы орайда Үшінші мегаполис атанған Шырайлы қаламызда бұқаралық спортты дамытып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Қаламыздағы жоғары оқу орындарының бірі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің  Мәдениет және Спорт факультетінің 2 курс студенті СЕЙДЕН ҰЛПАН Өзбекстан, Ташкент қаласында өткен Халықаралық кикбоксингтен өткен турнирде 1 орынды  иеленіп, жеңіс тұғырынан көрініп қайтты.  Осынау байрақты бәсекеде ел намысын қорғап, жүлделі орынды иеленіп қайтқан жерлесімізге алдағы уақытта да алар асуыңмен бағындырар белесің ортаймасын деген тілек білдіреміз Еліміздің атын әлемге танытатын саңлақ спортшы жастарымыздың қатары арта бергей! 

МОБИЛЬДІ БРИГАДАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

Алдыңғы

КӘСІПКЕРЛІККЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ МӘСЕЛЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *