АймақДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

«АСЫЛ ЖҮРЕК» ОРТАЛЫҒЫНДА ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

Шымкенттегі зейнеткерлерді сауықтыруға арналған «Асыл жүрек» орталығы 2019 жылдың наурыз айында ашылған. Мұнда күніне 4 сағат ақысыз жартылай стационарлық жағдайында медициналық және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Орталық екі ауысымда жұмыс жасап, бір ауысымда 30 адамға дейін қызмет көрсетеді. Бүгінде карантин талаптары бойынша күндізгі стационарда 65 жасқа дейінгі зейнеткерлерді қабылдап отыр.  — Орталықтың күн тәртібі зейнеткерлерді дәрігерлік тексеруден басталады. Қарттарға жоғары санатты кардиолог, терапевт, невропатолог және физиотерапевт дәрігерлері қызмет көрсетеді. Жуырда мекемеде физиотерапия кабинеті ашылып, көпфункционалды «Полимаг» қондырғысы іске қосылып, көптеген сырқаттарға емдік қасиеті бар құрылғы коронавирус пен пневмониядан кейінгі асқынулармен күресте көмегі орасан. Мекемеде қариялардың емдік массаж қабылдап, психологиялық тренингтер, спортпен шұғылдануына барлық мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға да ерекше көңіл бөлінген. Демалушы қариялар аптасына 2 күн суда жүзіп, дендросаябаққа серуенге шығады-дейді орталық директоры Мауия Алданазарова. Орталықта жыл басынан бері 120 зейнеткер 1 ай көлемінде арнаулы әлеуметтік қызмет алды (жылдық көлемі – 740 адам). Алдағы уақытта орталықтың қала аудандарында бөлімшелерін ашу жоспарлануда. Аталған орталыққа келу үшін жеке кәулік пен зейнет кітапшасының көшірмесі, медициналық картаны толтырып, ХҚКО арқылы өтінім береді. Өтінім негізінде жолдама қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан беріледі.  Жалпы, Шымкент қаласы бойынша зейнеткерлер саны – 82 821, соның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 20, тыл еңбеккерлері – 3153. Көп балалы аналар саны – 43 932, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 10 667, зейнет жасындағы көп балалы аналар – 2 377.

ЖЕКЕМЕНШІК СПОРТ КЕШЕНДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АРҚЫЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ КӨШТІ

Алдыңғы

ЖАН БАСЫНА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАЛАЛАРДЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН ҮЙІРМЕГЕ БАРУЫНА ҚОЛЖЕТІМДІ ЕТЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *