АймақЖаңалықтарҚоғамСпорт

БАЛАЛАРЫН ТЕГІН СПОРТТЫҚ СЕКЦИЯҒА ҚАТЫСТЫРУ ҮШІН 3 МЫҢНАН АСТАМ АТА-АНАДАН ӨТІНІМ ТҮСКЕН

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховтың қатысуымен өзі жетекшілік ететін салалардағы бірқатар нысандарға баспаөз туры ұйымдастырылды. Қала әкімінің орынбасары БАҚ өкілдерін мемлекеттік тапсырыспен жан басына қаржыландыру жобасына қамтылған бірқатар жекеменшік спорттық нысандармен таныстырды.  Іріктеуден өткен білікті өнім берушілердің бірі «Эталон Клининг» ЖШС-гі. Кәсіпкер «STRONG» фитнес орталығын жалға алу арқылы мемлекеттік тапсырыспен жұмыс жасап отыр. Спорт кешенінің жалпы ауданы 950 шаршы метрді құрайды. Кәсіпкер бокс және таеквондо спорт түрінен 160 балаға өтінім жолдап, осы жылдың 3 шілдесінен бастап жұмыс жасауда. Қазіргі таңда 110 ата-анадан өтінім түсіп, ата-ана мен кәсіпкер арасында келісім-шарт жасалған.  Іріктеуден өткен тағы бір білікті өнім беруші «ШЫМКЕНТ ЖАРНАМА» ЖК. Бахытжан Хуснидинов Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, М.Х.Дулати, 160 орналасқан. Жалпы ауданы 1682,2 шаршы метрді құрайтын мекемені жалға алу арқылы мемлекеттік тапсырыспен жұмыс жасауда. Кәсіпкер каратэ спорт түрінен 30 балаға өтінім жолдап, тамыз айының 10-нан бастап жұмыс жасауда. Қазіргі таңда, 18 ата-анадан өтінім түсіп, 10 ата-анамен келісім-шарт жасасқан.  Мақсұт Исахов бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың балаларды бұқаралық спорт түрлеріне белсенді тарту, сондай-ақ спорт секцияларын ашу және балалар клубтарының қызметін жандандыру бойынша берген тапсырмасы негізінде жүзеге асып отырғанын атап өтті.  «Жаңа жоба бойынша 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар балалар мемлекеттік тапсырыспен кез-келген спорт секциясына, шығармашылық үйірмесіне тегін бара алады. Жаңа жобаға сәйкес ата-аналардан спорттың 71 түрі бойынша өтініштер қабылданады. Қазір спорттың бокс, футбол, грек-рим күресі, жүзу спорты, үстел теннисі, каратэ, таэквондо, дзюдо, баскетбол түрлері бойынша ата-аналардан 3347 өтінім түскен. Жобаны іске асыруға биылға 339,8 млн теңге қаралып, 4096 баланың спорттық секцияларға баруына мүмкіндік берілген»,-деді М.Исахов.  Мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру мақсатында 2021 жылдың мамыр айында «Бала» сандық платформасы іске қосылды. Бұл платформаға artsport.edu.kz мекенжайы арқылы кәсіпкерлер, жаттықтырушылар және қаланың әрбір тұрғыны ата-ана ретінде өтінім жолдай алады. Ата-ана балаға арналған шығармашылық немесе спорттық үйірмеге өтініш беріп, ваучер (бірегей нөмір) алады.  Қазіргі таңда мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасына 25 кәсіпкерден өтінім түскен. Оның ішінде 20 кәсіпкер біліктілік іріктеуінен өтіп, оң шешім алды. Бір кәсіпкердің өтінімі қаралып жатса, 4 кәсіпкердің өтінімі кері қайтарылған.

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ: АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА ДӘРІ ҚОБДИШАЛАРЫ ТАРАТЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *