Басты ақпаратЖаңалықтарҚоғамСпорт

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Мектеп оқушылары арасында өткен республикалық Ұлттық Мектеп Лигасының жалпы қорытындысы бойынша Шымкент қаласы жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Спорттың 10 түрінен өткен сайыстан оқушылар 10 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль иемденді. 4 кезеңнен тұрған жарыстың ақтық мәресіне 360 шымкенттік оқушы қатысқан.

Жарыстың мақсаты — мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану, спортпен шұғылданушыларды қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау,бұхаралық спортты дамыту, спорт түрлері бойынша үздік мектеп командаларын анықтау.
Еске сала өтсек, Шымкент қаласында мектеп оқушылары арасында спорттың 10 түрінен (баскетбол, волейбол, гандбол, футзал, футбол, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, үстел теннисі, президенттік сынама) жас ерекшеліктері бойынша «Ұлттық Мектеп Лигасының» қалалық кезеңі ақпан-сәуір айларында өткізілген болатын.  Мектеп оқушылары арасында спорттың 10 түрінен өткен РЕСПУБЛИКАЛЫҚ Ұлттық Мектеп Лигасының жалпы қорытындысы бойынша Шымкент қаласы жүлделі екінші орынды иеленді.  Шымкент қаласы спорт түрлері бойынша 10 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде алып жарыстың жалпы қорытындысы бойынша командалық 2-орынды жеңіп алды.  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дайындаған ұстаздарымызға мың алғыс!-деп жазба қалдырды Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы.

 

Олимпиада жүлдегері Софья Берульцова індеттен сақтануға шақырады

Алдыңғы

БАЛАЛАРЫН ТЕГІН СПОРТТЫҚ СЕКЦИЯҒА ҚАТЫСТЫРУ ҮШІН 3 МЫҢНАН АСТАМ АТА-АНАДАН ӨТІНІМ ТҮСКЕН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *