Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының негізгі мақсаты – ішкі туризмді дамыту және туристік саладан түсетін табысты арттыру. Бұл ретте, туризмді дамытудың 5 бағыты айқындалып отыр. Олар: жүйелік іс-шаралар, туристік инфрақұрылымды жақсарту, маркетингтік ілгерілету, сыртқы байланыстарды және медициналық туризмді дамыту. Қаламыздағы «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығының негізгі мақсаты – туристер мен қала қонақтарына «бір терезе» қағидасы бойынша ақпараттық-консультативтік көмек көрсету. Қала аумағында туристер көп шоғырланатын орындарда әуежай, темір жол вокзалы, саябақтар және Арбатта 7 ақпараттық дүңгіршек қызмет атқарады. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығында бүгінгі таңға дейін атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы 2021 жылдың 17 наурыз айында ашылды. Орталықтың негізгі қызметі — қалаға келген шетелдік қонақтарға көрікті жерлер, мәдени шаралар мен қонақ үйлер туралы «бір терезе» қағидаты бойынша мәлімет беру. .Орталықта тәулік бойы «Call-centre» қызметі жұмыс жасап, жыл басынан бері 8351 — ден аса адамға ақпараттық көмек көрсеткен .»Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы мен киоскілерде жалпы 5476 адамға ақпараттық — анықтамалық қызмет көрсетілген. АҚШ, Германия , Ұлыбритания , Үндістан, Мажарстан, Ресей, Корея , Өзбекстан және Бразилия секілді елдерден келетін туристерге ақпараттық ықзметтер ұсынады. . Сондай-ақ 2021 жылдың басынан бастап Шымкент қаласы бойынша 3 рет ақпараттық тур және 4 рет блогтур, сонымен қатар БАҚ өкілдеріне арналып 3 тур өткізілген. Түркістан қаласына 200 балаға арнап, 50 әкімшілік қызметкерлеріне арнап экскурсиялар ұйымдастырылып,блогерлер арқылы қаламызды әлеуметтік желілірде кең көлемде насихаттап келеді. Өңірдің туризм саласын дамыту мақсатында бірқатар мекемелермен меморандумға қол қойылды. Меморандумға отырған мекемелердің арасында «VISIT TURKESTAN» КММ, «Экосана» қоғамдық қоры, Экология, өлкетану және туризм орталығы КММ, «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ, «QazSmartTrans» ЖШС, Шымкент-Адалдық алаңы, Жастар Ресурстық орталығы, «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығы КММ, Dar online «Форте трэвел», «Shym Qala» КММ, «TopSeller of Chemical Products» ЖШС секілді мекемелер бар. Қаламыздың туристік әлеуетін арттыруда басым бағытта жұмыс атқарып жатқан орталыққа тың бастамаларыңыз толастамасын деген тілек білдіреміз!
Comments